Ауылдық жерлерде биоматериал алу пункттерін ашу

Приозерск қаласында медициналық зертханалық кабинет ашуға грант берілді

Қорымыз еліміздегі ірі жеке зертханалармен бірлесіп жүзеге асырып жатқан гранттық бағдарламасы аясында кәсіпкер Иван Лавриненкоға грант беріп, ол өз кезегінде INVIVO франшизасы бойынша Қарағанды ​​облысы Приозерск қаласында биоматериалдарды қабылдау пунктін ашты.
Зертхана облыс орталығынан шалғайда, 560 шақырым жерде орналасқанына қарамастан, жақсы жабдықталған орталықтардың бірі. Мұнда күн сайын сапалы медициналық диагностикалық қызмет көрсететін білікті мамандар жұмыс істейді.
Кәсіпкердің жоспарында Қарағанды ​​облысының басқа аудан орталықтарында да зертханалық кабинеттер ашу бар.
Грант иегері алғашқы 100 клиентке 10% жеңілдік береді. Естеріңізге сала кетейік, биоматериалдарды қабылдау пункті Приозерск қаласы Достық көшесі 5/1 (негізгі кіреберіс ауладан), +77086468120 Анель.